ЗАҒИП ЖАНДАР САЙЫСЫ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

1  225 көрілім

Қаламыздағы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде мүмкіндігі шектеулі зағип жандар спорттың бес түрінен бақ сынады. Онда шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қол күрес сынды спорттық сайыстарда қатысушылар өзара мықтыны анықтады.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін доданың ауқымы биыл біршама кеңейіп отыр. Себебі, облыстық деңгейде алғаш рет өткізіліп, жеті ауданнан 50-ден аса спортшы қатысуда. Бұл бәсеке Түркістан облысының бір жылдық мерейтойына орай, “Қазақ соқырлар қоғамы” бастауыш ұйымының ұйытқы болуымен, жарыс жас ерекшеліктеріне қарамастан көзі көрмейтін және нашар көретін 1-2-топтағы мүгедек жандарды қамтыды. “Қазақ соқырлар қоғамы” бастауыш ұйымының төрағасы Болат Құрманхожаев осы бәсекеге облысымыздың аудандарынан арнайы келген қатысушыларға алғысын білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа қатысушылардың бірі Серік Құдайқұлов бәсекеге тоғыз жолдың торабы Арыс қаласынан келіпті.

– Арыс ауданының намысын қорғауға алты адам болып келдік. Менен өзге бес адам шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және қол күрестен сынға түседі. Осы ойындар өткеннен кейін команда болып арқан тартысуға қатысамыз. Бүгінгі игі бастаманы ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз, – деді Серік Жаппарқұлұлы.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарға қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы