МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ДОСТЫҚ ТУЫ КӨТЕРІЛДІ

1  106 көрілім

БАҚ өкілдері арасында жыл сайын дәстүрге айналған спартакиада биыл Түркістаннан бастау алды. Шырайлы шаһар Шымкент пен Түркістан облысының төртінші билік өкілдері бұл спорттық сайысты достық туының астындағы басқосуға балады.

Атап айтсақ, кәсіби мереке қарсаңында журналистер волейбол, суда жүзу, шахмат, арқан тарту, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, жеңіл атлетика, бильярд, шағын футболдан өзара күш сынасты.

Маусымның 14-і күні бастау алған жарыстың волейбол, жүзу, шахмат, арқан тартыс түрлері Түркістан қаласында өтсе, қалған 5 түрі 15-16 маусым күндері Шымкент қаласында жалғасын тапты. Аталмыш спартакиада салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы шығармашылық және достық қарым-қатынастарды нығайту, бұқаралық спортты дамытуды көздейді.

Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен өткен спорт сайысына Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы, Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы, Түркістан облыстық және Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы да қолдау көрсетті.

Айта кетерлігі, биылғы спартакиадаға 15 команда қатысып, Түркістан төрінен бастау алған дәстүрлі сайыс 16-маусымда Шымкент қаласында қорытындыланып, жеңімпаз командалар мен журналистер арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Соның ішінде, арқан тарту сайысы бойынша «Түркістан БАҚ» командасы жүлделі II орынға ие болып, жалпы төртінші билік өкілдері спорт саласынан да алыс еместіктерін көрсетті.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы