КЕЛЕС СПОРТ КЛУБЫ СПОРТТЫҚ ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

498 көрілім

Бүгінгі таңда Келес спорт клубында тәрбиеленетін жастар облыстық, аудандық жарыстарда үздіктер қатарында көріне бастады. Оқушыларды спортқа баулу, оларды қызықтыру арқылы бойындағы мүмкіндіктерін ашу мақсатында Келес спорт клубының спортшы оқушыларына клуб тарапынан спорттық жабдықтардың барлық түрлері берілді.

Келес ауданында жас, өскелең ұрпақты спортқа бейімдей отырып, кемел тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында – «Келес спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.

– Құрылған спорт клубымызда спорттың футбол, еркін күрес, бокс, ұлттық жекпе-жек және ауыр атлетика түрлерін қамтуды жоспарлаудамыз. Қазіргі таңда штаттық кестеге сәйкес, бапкерлер мен өз ісінің мамандарын жұмысқа қабылданып, оқушыларды тәрбиелеуде. Келес өңірінің жастарынан әлемдік ареналарда ел намысын қорғайтындай етіп тәрбиелеу жолында еңбектенетін боламыз, – дейді клуб директоры Алишер Тойлыбекұлы.

Қазіргі таңда 1 134 спортшы оқушылар аталған клуб сапында шеберліктерін шыңдап, жарысқа қатысуда. Аталған спорт клубы спорттың футбол, еркін күрес, бокс, ұлттық жекпе-жек және ауыр атлетика түрлерін оқушыларға үйретуді қолға алған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы