- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округі, Тегісшіл елді мекеніне арнайы барып, жайылым жер мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мән-жайын талқылады.

Тегісшіл ауылдық округі, Тегісшіл елді мекенінің біршама тұрғындары жиналып, Таскескен елді мекені аумағында орналасқан Тажибаев Жаңабайға тиесілі 110 га егістік жерін күзгі егіске дайындау үшін жерді жыртып жатқан жеріне барып, жерді айдауға қарсылық білдірген. Аталған жерге аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жердің иесін сол жерге шақыртып, тұрғындардың өтініші бойынша күзге дейін жерді айдауды тоқтата тұруды, яғни шөп қурағанша мал жайып тұруын сұрады. Жер иесі өтінішті қабыл алып, жерді жырту жұмыстарын уақытша тоқтатуға келісімін берді.