- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Келес ауданының Ұшқын ауыл округіндегі “А. ЖІГЕР-Т” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі биыл 100 гектарға қырыққабат, 40 гектарға баклажан, 20 гектарға балғар бұрышын еккен. Алдағы бір аптада қырыққабаттан алғашқы өнім алу жұмысы басталмақ.
Аталған кооператив өткен жылы облыс бойынша бір жерден екі-үш өнім алу арқылы “Алтын күз-2022” байқауының жеңімпазы атанған болатын. Кооперативке 700 адамның жер үлес пайы біріктіріліп, 403 гектар жерді тиімді игеріп отыр. Кооператив төрағасы Берік Салиев биыл жобамен қырыққабаттан 400 мың тонна өнім аламыз деп отыр.

Бұл кооператив екінші өнім ретінде қызанақ, балғар бұрышы мен баклажан ексе, үшінші өнімге күздік қырыққабат отырғызады. Сондай-ақ, кооперативтің егістік алқабы тамшылатып суару әдісімен суарылса, тыңайтқышқа биогумус пайдаланады.

Дәлірек айтсақ, бұл өңір ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары шекаралық аумақ саналады. Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Өткен жылы ауданда алдыңғы қатарлы озық технологияны пайдалана отырып, жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 325 жоба немесе 1 502 гектарды құрайтын егістік алқаптарға егін егіліп, 89,3 мың тонна бақша және көкөніс өнімдері өндірілген.