ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚСЫЗ ӘСКЕР!

362 көрілім

2023 жылғы 4 сәуірінде Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының жеке құрамымен Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің  кызметкері капитан Ербол Жайынбайұлы Айтбаевтың қатысуымен ҚР Қарулы Күштері әскери полиция органдарының 2023 жылғы арналған «Өмірінді сақта» атты бағдарламасы аясында әскери ортада құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты елімізді қорғау саласында өз үлестерін қосып жүрген әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыспен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу. Осындай тиімді іс-шаралар арқылы заң бұзушылықтың болдырмау және де сыбайлас жемқорлық және қылмыс мен құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеуіміз тиіс. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың Қарулы Күштерге деген сенімін көтеру басты назарда екенін де айтып өтті. Жиын соңында әскери полиция қызметкері капитан Ербол Жайынбайұлы жеке құрамға қызметте адал, көктемгі шақыру науқаны жұмыс барысында сәттілік тілейтінін жеткізді.     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы