ПРОКУРОР ТҰРҒЫНДАР АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ

1  278 көрілім

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open space» үлгісіндегі қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров тұрғындарды жеке қабылдады. Көкейдегі сауалдарын арқалап келген өңір жұртшылығы прокурордан қолдау күтетіндіктерін жасырмады.


Мәселен, Түркістан қаласы, Жарылқапов көшесі, №206 үйдің тұрғыны Айгүл Айменова шаңырағының іргесінде орналасқан темір бетон өнімін шығаратын зауыт жайлы шағымын айта келіпті. 2012 жылы іске қосылған кәсіпорыннан сол маңайда тұратын халық бүгінге дейін онда шығатын у-шу мен дірілдің ортасында отырған-ды. Осыған дейін өзара талқыға салып келсе, бұл істің шешімін табу үшін заң жүзінде қарастыруды сұрайды. Жалғызбасты ана аталған оқиғалардың нәтижесінде үйінің қабырғалары түсіп, жарылып, жөндеу көруі қажет екендігін айтты. Тіпті, қалыпқа келтіріп отыру үшін несие алып, ретке келтірген. Ол мұндағы мамандардан зауыт иесі кеткен шығынды өтеуін талап етеді. Прокурор Н.Мәжитұлы аталған арыз бойынша өтемдерді төлеу үшін талапқа сәйкестігін білу үшін құзырлы органдарға жіберетіндігін және өтемақы алу үшін сотқа шағымдануы керектігін түсіндірді.


Келген өзге азаматтар да өз шағымдары бойынша тиісті жауаптар алды. Олар алда жолдаған сұрақтары мен арыздары бойынша шешім көрілетіндігінен үмітті.
«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы