- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «АльянсТрансСервис» ЖШС-ның бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметі бойынша 2021 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.
Талдау барысында бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, және негізсіз екендігі дәлелденді.
Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.
Нәтижесінде, «АльянсТрансСервис» ЖШС-ның тұтынушыларына тарифті вагон-км үшін 1 959,18-ден 1 292,42 теңгеге дейін немесе 34,03%-ға уақытша төмендету арқылы 739 144,25 теңге сомма көлемінде негізсіз кіріс қайтарылады.
Бұйрық 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді.