АЯҚДОПШЫЛАР ЖАРЫСЫ МЕРЕКЕ КӨРКІН ҚЫЗДЫРДЫ

239 көрілім

Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан қаласындағы «Аманбай» спорт кешенінде футзалдан жарыс ұйымдастырылды. Жалпы 8 команда қатысқан жарыс тартысқа толы өтті. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаладағы фирма қызметкерлері арасында аталмыш турнир 2 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жарыс қорытындысы бойынша «Джинн» командасы І орынды иеленсе, «Диззи» командасы ІІ орынды қанағат тұтты. Ал, ІІІ орын «Алтын тау-релакс» командасына бұйырды.

Жарыстың жабылу салтанатында сөз алған спорт жанашыры Мақсат Таңатаров, Түркістан қаласының бас имамы Мұхаммеджан Жұмадуллаев және шара қонақтары Ұлыстың ұлы күні ұйымдастырылған шара достық, ізгілік, татулыққа бастайтынын, спорт – денсаулық кепілі екенін айтып, жеңімпаз командаларға кубок, медал және қаржылай сый-сияпаттар жасады.

Сонымен қатар, 22-25 наурыз аралығында, Қарағанды қаласында әуесқойлар арасында футзалдан Қазақстан Республикасы чемпионатына баратын “Әуесқой Футбол Лига” 2022 жылғы күз-қыс маусым ойындарының супер лига тобында 1-ші орынды иеленген «РМЗ ЖАСТАР» және 2-ші орынды иеленген «ШАЛҚАР» командаларына сәттілік тіледі. 

Р.ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы