- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін ҚМДБ Түркістан облысы, Түркістан қаласы бойынша 2023 жылы Рамазан оразасы жайында брифинг өтті. Брифингте Түркістан қаласының бас имамы Мұхаммеджан Жұмадуллаев биылғы Рамазан айының мән-мағынасын, қасиетін түсіндіріп, жаңалықтармен бөлісті.

-Орталық Азия елдерінің пәтуа саласына жауапты ғалымдары ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, бір ауыздан ортақ шешім қабылдады. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталып, 29 күнге созылады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі» – деді қаламыздың бас имамы.
Сонымен қатар, М.Ергешбайұлы биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленгенін де атап өтті. Айтуынша, пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған.
Жиын барысында қаламыздың бас имамы кәсіпкерлерге үндеу жолдады.
-Осы ретте кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін – деді М.Ергешбайұлы. Сондай-ақ, барша қауым қасиетті Рамазан айында арақ-шараптан аулақ болса, құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегін жеткізді.
Дәурен ТІЛЕУХАН.