ЖЕР ЖӘННАТЫНАН РУХАНИ МЕКЕНГЕ ЖАЛҒАСҚАН САПАР

1  154 көрілім

Қаламыздағы мәдениет үйінде «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» атты рухани керуен сапары Түркістан облысында жалғасын тапты. Алматы облысының дін істері басқармасы мен облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және Алматы облысы мәслихатының хатшысы С.Дүйсенбинов, сондай-ақ, өзге де зиялы қауым өкілдері қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.


Бұл жоба Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елімізде ілгерілету мен мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеуді көздейді.


«Өздеріңіз білесіздер, Елбасымыз Н.Назарбаев ата-бабаларымыздан жеткен салт-дәстүрді сақтап, заман көшіне қосуды көздеді. Ал, Түркістан – тарихы тереңде жатқан рухани мекен. Бұл шаһар түркі әлемінің түп қазығы болғандықтан, руханиятты әрбір азамат осы жерден бастағаны жөн. Жалпы, жоба 2017 жылы жүзеге асқан болатын. Керуен Алматы облысының әр елді-мекендерін аралады. Құрамында 50-ге жуық елге танымал өнер, қоғам, спорт қайраткерлері мен қарияларымыз бар. Айтатын мәселе тек діни тұрғыда емес, діннің асыл құндылықтарына мәдениетіміз бен өркениетімізбен ұштастыру», – деді Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Р.Есдәулетов.


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әріптестік байланысты нығайтуды алға қойған кездесуде екі өңірдің басқармалары меморандумға қол қойды. Нәтижесінде, діни тұрғыдағы керағар мәселелерде етене жұмыс істеп, тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы