ӨНЕГЕЛІ ТӘРБИЕ – ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕГІ

1  285 көрілім

Қаламызда биылғы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша 12 жасөспірімнің қылмысы тіркелген. Оның ішінде 6 жеткіншек – мектеп оқушысы, 6 жасөспірім – арнаулы оқу ордасының студенті. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы ЖПҚ Ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы Қанат Рахманұлы жасөспірімдер арасында орын алған құқық бұзушылықтар туралы талқыланған кездесуде мәлім етті.


Білім бөлімінің мамандары, мектеп директорлары мен орынбасарлары «қылмыстың алдын алу және болдырмау бағытында қайтпек керек?» деген сауалға жауап іздеп көрді. Қоғамның талқысына түскен мәселе төңірегінде білім мен тәрбие саласының мамандары пікір алмасты.

«Оқу жылының басынан бастап мектеп жасындағы балалар топталып мөлтек аудан жастары болып төбелесу, тіптен ауыр санаттағы қылмыстар жасағандары да бар. Құқық қорғау, сот саласы бойынша түсіндіру шаралары үшін ата-аналармен жүздесуге дайынбыз. Мүмкін бұл алдағы уақытта қылмыстың орын алмауына септігін тигізеріне сенімдімін»,-деді облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев.


Өзектілігі жоғары мәселе жан-жақты қамтылып, білім ұяларындағы инспекторлар санын көбейту ұсынылды. Бірнеше мектепке 1 ғана тәртіп сақшысының жұмыс жасауы аздық ететіндігі айтылды. Қылмыстың өтеуі – жаза, соңында темір торға тоғытылу күтіп тұрғандығын көрсету үшін тергеу изоляторларын білімгерлерге арнайы көрсету назарға алынды.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы