Кеше “Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалы “Open Space” үлгісіндегі қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Жиынға партияның филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Тəжібаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ə.Темірбаева жəне өзге де қала, аудан басшыларының орынбасарлары қатысты.
Келген тұрғындар көкейіндегі негізгі мəселе – атаулы əлеуметтік көмек алу жəне жұмыспен қамту. Министрге базынасын айтқан азаматтар нақты істер мен қолдау күтетіндіктерін жасырмады.
Мəселен, шаһар тұрғыны К.Тұңғышбаева өзін тұрақты жұмысқа орналастыру жөнінде өтінішпен келген. Бұл мəселені жіті назарға алған министр Б.Бидайбекұлы қала əкімдігі тарапынан қаралып, бос жұмыс орындарымен таныстырып, лайықты жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы да аталған жайт бойынша 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бақылауға алу тапсырылды.
Кездесуге көкейдегі сауалдарын арқалап келген халық өздерін алаңдатқан мəселелерге жуық арада нүкте қойыларына сенімді. Бұл ретте, тұрғындар өңірімізге арнайы келген министрге өз алғыстарын білдірді.
“Түркістан-ақпарат”.
МИНИСТР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
983 көрілім
