ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА

1  168 көрілім

Түркістанда #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында көгалдандару жұмыстары жалғасын табуда. Осы мақсатта, барлық 16 сектор апта сайын сенбі күндері жиналып, көшет отырғызу ісін жандандыруда.


Соның бірі – облыстық қоғамдық даму басқармасы, қалалық ішкі саясат бөлімі және Жетісай ауданы әкімдігі жауапты Бірлік мөлтек ауданында орналасқан #15-сектор. Мұнда аталған мекеме қызметкерлерімен қатар, жергілікті “Түркістан” газетінің де ұжымы атсалысты. Айта кетейік, 15-секторда 9500 көшет егілуі тиіс.


“Бүгін 1300-ге жуық ұңғыма қазылып, көшет егіледі. Жалпы, бұл сектордағы жұмыс 20-қарашада аяқталады деп күтілуде. Тапсырмаға сай әр аудан техникамен қамтамасыз етуі керек. Осыған сәйкес, жұмыс күнінен бастап арнайы мамандар суаратын болады” – деді Жетісай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы М.Абишев.


3 кезең бойынша жүзеге асатын игі бастама аясында Түркістан жасыл қалаға айналып, нәтижесінде, тұрғындар мен қонақтарға сая сыйлары анық.
“Түркістан-ақпарат”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы