1380000 теңге көлеміндегі бизнес-грантты алу үшін өтінімді калай беруге болады?
Business.enbek.kz порталында 20 ақпаннан бастап жаңа бизнес жобаларды іске асыруға 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде грантты алуға өтінімдерді кабылдаудың алғашқы легі басталады. Ел аумағында берілетін гранттардын жалпы саны – 2577. Айта кетейік, кандидат гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, оларға: атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасыларға, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға жататын болуы керек.
Ескеретін жайт, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспаған сертификаты болуы шарт. Грант келесі тұтынушылық, кредиттік қарыздарды төлеу, тұрғын үй сатып алу немесе салу, жер телімдерін сатып алу, акцизделетін өнім өндіру мақсаттар үшін берілмейді.
Жастарға арналған 2,5 пайыздық несиенің негізгі шарттары қандай?
Наурыз айынан бастап жастарға арналған 2,5%-дық несие берілетін болады. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді. Кредит көлемі 5 миллион, мерзім 5 жыл. Ал жылдық мөлшерлеме небары 2,5%. Несие кәсіп ашқысы келетін 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарға конкурстық негізде берілмек.
– Осы айда жергілікті атқарушы органдар және Қаржы министрлігімен кредиттік келісімге қол қоямыз. Келесі айдан бастап кредит беруді бастаймыз. Ешқандай проблема жоқ. 2,5%-дық несие 5 млн теңгеге дейін беріледі», – деді Ақмәди Сарбасов.
Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдаланады: 1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияны сатып алу;
4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарына және жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
Естеріңізге салайық, 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысының Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беруді тапсырған еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бұл қаржыға 6 мыңға жуық жеңілдетілген несие беру көзделген. Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Осы және өзге де сұрақтар туралы толық ақпарат үшін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Азрет Ыдырыс 5 98 98, ішкі 7710 телефондары арқылы хабарласа алады.
Дайындаған:
Дәурен ТІЛЕУХАН.