САРЫАҒАШ: ДИҚАНДАР ҚЫСТА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН ӨСІРУДЕ

325 көрілім

Сарыағаш жылыжайларында енді құлпынай өнімін өсіру қолға алынуда. Аудан шаруалары негізінен көкөніс өсірумен айналысатын болғандықтан, өнім саудалау кезінде қиындықтар болады. Сол үшін өнімдерін әртараптандыру маңызды. Осыған орай аудан шаруалары көкөністер мен қоса жеміс-жидектерді де өсіруді қолға алып, өнім түрлерін көбейтуде.

Осыған орай бүгінгі таңда аудан шаруалары қыс мезгілінде құлпынай өсіріп, ерте пісетін құлпынай өнімін саудалап мол табыс табуды жоспарлауда. Айта кетсек, қазіргі таңда аудан аумағындағы 271 га астам жерге құлпынай көшеті егілген. Олардың басым бөлігі «Жабай ата», «Абдурахман», «Agro tur» шаруа қожалықтарында өсіріліп, ішкі нарықта саудалануда.

Құлпынай өніміне сұраныс еліміздің ірі қалалары және аудан аумағындағы кәсіпкерлер мен тұрғындардан келіп түсуде. «Басын көтеріп елден сұрағанша, басын иіп жерден сұрайтын» диқандар иелігіндегі жерлерден жылдық азық жинауға бел байлап, құлпынайды құлпыртып, бүгінде кәсіптерін жандандырып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы