КЕЛЕС: 8 АУЫЛДЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

212 көрілім

Өткен жылы Жамбыл ауылдық округінде облыстық маңызы бар көшені, яғни Ащыкөл елді мекенімен Бекбота ауылын байланыстыратын жолға орта жөндеу жұмыстары басталды. Биыл жоспарлы жұмыстар мәресіне жетіп, тұрғындардың қолдануына берілмек. Сонымен қатар, 8 елді мекенді (Жамбыл а/о, Ащыкөл, Майдабозай, Бекбота, Қалғансыр, Бозай а/о, Бозай, Тентексай) табиғи газбен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Келес ауданындағы білім саласында үш ауысымға өту қауіпі бар және қажет ететін мектептердің құрылысын салу мақсатында Абай, Алпамыс батыр, Ақтөбе, Бірлесу, Біртілек, Бозай, Бірлік, Қошқарата және Ошақты ауылдық округтерінде алдағы 3 жылда Президентіміздің «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 14 мектептің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 2 мектептің құрылысын жүргізу ұсынылуда. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы жыл басында бекітілген кестеге сәйкес жергілікті тұрғындармен кездесуін бастады. Аудан басшысы алдымен Жамбыл ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, өткен жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Айта кететіні, аудандағы газ саласы бойынша өзекті мәселе болып жүрген 22 елді мекендегі газ құбырларын ауданның коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншігіне өткізу жұмыстары қолға алынып, қазіргі таңда 16 елді мекеннің газ құбырлары өткізілген болса, 6 елді мекеннің газ құбырларын өткізу жұмыстары жүргізілуде. Тиімділігі «ҚазТрансГаз» АҚ-ның теңгеріміне өткізу арқылы мүлік салығы салынып, жергілікті бюджет көлемі ұлғайтылатын болады.

Аудан басшысының кезекті кездесуі Бозай және Бірлік ауылдық округтерінде жалғасып, ондағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу соңынан жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды қабылдаған аудан әкімі олардың мәселелерін жіті тыңдап, шешілуі бағытында тиісті дербес бөлім басшыларына тапсрымалар жүктеп, орындалуын өз қадағалауына алатынын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы