ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ БАКУДЕ ӨТКЕН САЙЫСТА ЕКІ АЛТЫНДЫ АЛҚЫМДАДЫ

322 көрілім

Әзербайжан астанасы Бакуде батутта секіруден Әлем Кубогына таластың алғашқы кезеңі өтті. Бұл жарысқа әлемнің 16 елінен келген 60 жүйрік гимнаст бақ сынады. Жалпы жыл аяғына дейін 5 кезең жоспарланған. Бұл бәсекеде Ұлттық құрама 2 жүлдені иеленді.

Жекелей сында отандық спортшы Данил Мұсабаевқа тең келер ешкім болмады. Байрақты бәсекеде қарағандылық 59.240 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, жұптық сайыста Данил мен Пирмаммад Алиев синхронды секіруде топ жарды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем Кубогы кезеңінде 2 алтын жүлдеге қол жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы