КАНДИДАТТАР ШОТТЫ БІР БАНКТЕН АШЫП ЖАТҚАНЫ РАС ПА

385 көрілім

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина кандидаттардың бәрі неге арнайы шотты бір ғана банктен ашып жатқанын түсіндірді.

«Бұл – базбіреудің шешімі емес. Бұл – Орталық сайлау комиссиясының қаулымен рәсімдеген шешімі. Ол шешім қабылданған кезде «Халық банк» бүкіл ел аумағында филиалдар желісі бар банк болатын және кез келген науқанның сайлаушылары мен сайлау процесіне қатысушыларының көбіне қолжетімді болды», – деді Сәбила Мұстафина.

Еске салсақ, 18 ақпанда Мәжіліс пен мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы