ХОККЕЙ: “ӨЗ ТОБЫМЫЗДА ФАВОРИТПІЗ”

337 көрілім

Канаданың Онтарио қаласында өтетін турнир қазақстандық ойыншыларға әлемдік аренада өз қабілеттерін көрсетумен қатар әлемнің ең үздік командаларымен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Құрама 7 ақпан күні жолға шықпақ. Бас бапкердің айтуынша, алғашқы үш күнде жолдастық кездесу өткізеді, себебі бәйгеге түспес бұрын жергілікті алаңға әбден бой үйретіп алу – маңызды. 

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шетелде өтетін халықаралық турнирге ел тарихында тұңғыш рет қатысады. Талантты жас ойыншылардан жасақталған құрама әлемдік аренада еліміздің намысын қорғайды, ал оларға бүкіл қазақ елінің сенімі мен үміті жігер сыйлайды. Жас спортшылардың бас бапкері Сергей Шавернев қарсыластарының арасында біздің құраманың фаворит екенін айтады. Сонымен қатар, ол көзінде жалын оты бар спортшыларды қолдаған Jusan Bank-ке алғысын білдірді.

Ол аталған банктің хоккей спортымен алғаш рет серіктестік орнатқанын айтты.

“Jusan Bank-тің командаға серіктес болуы Қазақстандағы жасөспірімдер хоккейінің дамуына қосқан зор үлесі саналады. Аталған банктің елдегі спортты дамытуға қолдау көрсетуі мақтауға тұрарлық және спорттың толық әлеуетін ашуға көмектесу үшін маңызды рөл атқарады”, – деп қосты бапкер.

Талантты жас ойыншылардан құралған команда өз шеберліктерін шыңдау үшін әрі ерекше мүмкіндікті жіберіп алмас үшін тынымсыз дайындық үстінде. 

“Бұл жарыс 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бәсі өте жоғары бәсеке. Көп жылдан бері бұл жарысты бақылап, зерттеп жүрдік. Енді, міне, осы жобаға қатысу үшін ақша төлеуге мүмкіндік туды. Алғашында бізге дағдарыс, содан кейін пандемия қиындық келтірді. Құраманың барлық шығынын ата-аналар төлеп келеді. Jusan Bank-ке жүгінгенімізде, бізді бірден қолдап, үміт артты. Сол үшін, әрине, оларға алғыс айтамыз”, – дейді бапкер.

Бас бапкер жарыс барысында жас спортшылардың мұз айдынындағы бәсекелестіктен бөлек, ойыншылардың жаңа мәдениетті көріп, жаңа спорт ауасымен тыныстайтынын алға тартады. Олар жаңа достармен танысып, көрікті жерлерді көріп, спорт пен оның жаһандық ауқымы туралы кеңірек ұғынуға мүмкіндік алады, дейді ол.

Бұл турнир ойыншылар мен олардың отбасылары үшін ғана емес, бүкіл ел үшін мақтаныш сәтіне айналары сөзсіз. Жасөспірімдер құрамасын қанша мақтасақ та артық етпейді, өйткені ол ойыншылардың, жаттықтырушылар мен спорт жанашырларының қажырлы еңбегі мен қайратының айғағы. Бұл сапар еліміздегі жастар хоккейінің одан әрі дамуына бастау болып, болашақ жас ойыншыларға жол ашары анық.

Бапкердің айтуынша, жарысқа 21 спортшы барады екен, оның екеуі қақпашы ал қалғандары алаңда ойнайтын ойыншылар. Сонымен қоса делегация құрамында 4 жаттықтырушы, кейбір балалардың ата-анасы мен аудармашы болады. 

“Әрбіріңізге сенеміз, саған сенеміз” ұранын басшылыққа алған Jusan Bank қазақстандық жастарды қолдап келеді. Сонымен қатар еліміздің креатив экономикасының дамуы үшін түрлі жобаларға демеушілік жасайды. Әсіресе, әлеуметтік жобаларға ерекше мән береді. Мәселен, былтыр Астанада отырып ойнайтын волейболдан Қазақстанның кезекті чемпионатын қолдаған еді. Қазақстан чемпионатына 10 команда қатысқан еді. Мұнда тікелей онлайн көрсетілім ұйымдастырылып, үздік спортшыларға қаржылай жүлде қарастырылды. Осы ретте банк “Саған сенеміз” деген ұраны арқылы әлі талай өзекті жобаның жүзеге асуына септігін тигізері анық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы