ЖЕР СІЛКІНІСІ ЖИІ ОРЫН АЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

379 көрілім

Күні кеше түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,3 болатын тағы бір жер сілкінісі орын алған болатын. Сонымен қатар мәліметтерге сүйенсек, көрші елдің аймақтарында магнитудасы 3,4-тен 4,7-ге дейінгі тағы бірнеше жер сілкінісі тіркеледі. Дүмпу екі шақырым тереңдікте болған көрінеді.

Бұл табиғи апат түркияда соңғы 100 жылда орын алған алғашқы алпауыт сілкініс еді. Жалпы Түркия жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары аймақ қатарында екені белгілі.

Сейсмологтардың айтуынша, ел аумағында жер сілкінісі екі күннің бірінде болады. Бірақ олардың магнитудасы аз болғандықтан, тұрғындар оны сезе бермейді. Алайда бүгінгі болған магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі тек Сирия мен Түркияда ғана емес, оларға көршілес жатқан мемлекеттерге де сезілді. Мамандар мұны соңғы жылдардағы ең күшті жер сілкіністерінің бірі болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Айта кетейік, түркиядағы табиғи апат салдарынан соңғы мәлімет бойынша 2921 адам оқиға орнынан қаза тапты. 16 мыңға жуық адам жарақат алса, 7 840 адам үйінді астынан шығарылған.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгін қазақстандық 41 құтқарушы Түркияға аттанған болатын.

Дүмпу 6 ақпанға қараған түні Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді. 2,8 мыңға жуық ғимарат қираған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы