- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысынан жобаның 27 қатысушысы өз ісін ашуға жалпы сомасы 459 450 теңгеге жабдықтар түріндегі гранттар алды. Қатысушылар негізінен «Кондитерлік іс», «Сұлулық индустриясы», «ЅММ» мамандықтарын игерді. Қазіргі таңда өңірде жоба аясында оқытудың екінші кезеңі басталып, онда 43 қатысушы білім алуда. Сабақтарға белсенді қатысып, жаттықтырушы мен тәлімгердің барлық талабын орындаған қатысушы өз ісін бастау үшін қажетті құрал-жабдықты тегін алады.

Сарыағаш қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ мамандары және Түркістан облысы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының түлектеріне жабдықтар жиынтығы салтанатты түрде табысталды.
– «Самұрық-Қазына» АҚ-ң «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірлерді дамытуға бағытталған жобаларды әрдайым қолдайды. Бұл жобаның мақсаты – сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және шағын гранттық қолдау көрсету арқылы адамдардың әл-ауқатын арттыру. Осыған дейін құрал-жабық түріндегі грантты Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының түлектері иеленді. Бүгін Түркістан облысындағы әлеуметтік жобаның тағы 27 түлегіне жабдық жиынтықтарын табыстағалы отырмыз. Болашақ кәсіпкерлердің істеріне береке берсін, – деді «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Серғожа Қалиасқаров.
Айта кетсек, «Табысты отбасы» қайырымдылық жобасы туралы ақпарат БАҚ беттерінде және @tabysty.otbasy инстаграм-парақшасында орналасқан. Сондай-ақ +7 701 558 0856 нөміріне хабарласып, ақпарат алуға болады.