АНТИКОР – КӘСІПКЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН “БИЗНЕСКЕ ЖОЛ” ЖОБАСЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

433 көрілім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған «Бизнеске жол» жобасын іске қосты. Толық ақпаратты антикордың call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласып ақпарат алуға болады.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге құжаттарды рәсімдеу кезінде әкімшілік кедергілерді, әуре-сарсаңды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімі мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

«Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ түрлі мемлекеттік қолдау шараларын (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын боламыз», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарламасында.

Бұл туралы аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламалар қабылдауда. Мәлім етілгендей, қазір өңірлерде бизнестен өтініш қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналары жұмыс жасап жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы