ТҮРКІСТАН: СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНБАҚ

680 көрілім

Тарихтың тағлымды өлкелерінің бірі Сығанақтың қайта гүлденуі үшін еңбектенген жоба авторларының сөзіне сүйенсек, туындыға толықтай 1 жылдан астам уақыт кеткен. Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жасаған тың жоба Сығанақ қаласының тарихын қайта жандандырмақ.

Қазақ даласының ұлттық пантеоны болған Сығанақ қаласының тарихын зерттеп, ежелгі шаһардың 3D моделін жасаған жоба авторлары 8 сынып оқушысы Одина Турсункулова мен 9 сынып оқушысы Нұргүл Жарылқаптың «Ортағасырлық Сығанақ қаласының Ұлы Жібек жолындағы маңызы» атты ғылыми жобасы авторлық куәлікке ие болды.

«Қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан көптеген қалалар бар. Соларды жаңғырту мақсатында біз Сығанақ қаласын таңдадық. Дешті-Қыпшақтың бірден-бір порты болған тарихи маңызы бар қала болғандықтан ғылыми деректер тым аз. Осы тұста біз ежелгі Сығанақ қаласының тарихи маңызын түсіндіруде зерттеу ауқымын кеңейтіп, тек жазбаша деректермен ғана емес, 3D моделін жасап виртуалды нұсқасын әсіресе жастарға өнеге етіп көрсету біздің басты мақсатымыз болды», – дейді жоба авторы Нұргүл Жарылқап.

Жоба жетекшілері тарих пәнінің мұғалімі Бақытжан Дүкенбай, география пәнінің мұғалімі Серік Жолдасов, математика пәнінің мұғалімі Эльдар Абдушукуров ғылыми туындыны зерттеудегі басты мақсат Сығанақ қаласының тарихи маңызын қазіргі жастар мен келешек ұрпаққа айшықтап жеткізу дейді.

Жоба жетекшілері мен авторлары ғылыми туындыны толық зерттеу бұнымен тоқтап қалмайтындығын, алдағы уақытта тың деректермен жобаны жандардыра беретіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, келешекте республикалық деңгейде өткізілетін ғылыми конференцияларға жобаны ұсыну жоспарда бар екендігін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы