ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ЖОЛДАМА САРАПҚА САЛЫНУДА

1  346 көрілім

Бүгін Түркістандағы Балуан Шолақ спорт кешенінде үстел теннисінен тұңғыш рет Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынды. Байрағын көтерген бәсекеге еліміздің 11 өңірінен, 100-ге жуық спортшы қатысуда. Шара шеңберінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев, облыстық үстел теннисінің Президенті Балтабай Құрбанбаев, ҚР олимпиадалық комитетінің үстел теннисінен ұлттық құраманың басшысы Дәулет Исмагулов, бас төреші Мирякуб Мираслановтар сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Ракетканы қылыштай сермеген сайыпқырандар өзара сараланады. Нақты айтсақ, бабы мен бағы қатар шапқан спортшыларға жекелей және командалық есеп бойынша орындар тағайындалып, үздік деп танылғандарға ұлттық құрама сапында өнер көрсету бұйырмақ. Жеңімпаз жандарға арнайы дайындалған кубогтар мен медальдар табысталып, дипломдар беріледі. Айта кетейік, чемпионат 20 қазан күні қорытындыланады.
Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы