ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ЕСІМІ ӨМІРШЕҢ

2  018 көрілім

Бүгін Түркістан қаласы «Бекзат» мөлтек ауданындағы №7 кітапхана-филиалында Абай Құнанбаевтың шығармашылығын дәріптеуге арналған әдеби кеш өтті. Ұлы халықтың – ұлы Абайына айналған заңғар тұлғаның 175 жылдығына орай ұйымдастырылған тағылымды шараға «Абай» атындағы №31 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.
Әдебиет сүйер жандардың басы қосылған поэзиялық кеште ақынның өлеңдері оқылып, ғибратты ғұмыры жайында сөз болды.

Кітапханашы Ақханым Саурбаеваның айтуынша, іс-шара «Біз Абай оқуларын бірге оқимыз» эстафетасы аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасынан бастау алған.


«Сөз өнерінің құдіретін таныта білген ағартушыны халқымыздың ұстазы деуге болады. Қазақтың бас ақыны атанған ол тұжырымға толы құнды пікірлерімен ой салған шебер жазушы. Әлемге әйгілі философтың асқақ есімі қашанда өміршең»,- деді ұйымдастырушы.
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты оқулық орталығында күнтізбедегі айтулы күндерді ұлықтау дәстүрге айналған. Негізінен әдебиет әлеміне жетелеген руханият ордасында 12000-ға жуық кітап қоры бар.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы