ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БӘСЕКЕСІ БАСТАУ АЛДЫ

240 көрілім

Еліміз бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі бастау алды. Бес күнге созылатын айтулы білім сайысында оқушылар 14 пән бойынша білімдерін таразылайды. Ал, бүгін алғашқы лекте математика пәнінен қатысатын оқушылар бақ сынауда.

Түркістан қаласында бастау алған олимпиаданың ашылу салтанатында сөз алған қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы олимпиаданың маңызы мен мақсатында тоқталып, білім шыңына бастайтын даңғыл екендігін жеткізді. Өз кезегінде ата-аналардың атынан сөз алған Жансұлу Сайлауқызы ата-ана үшін баланың жетістігі қаншалықты маңызды екендігін тілге тиек етіп, жас білімгерлерге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, олимпиада екінші жыл қатарынан электронды форматта өткізілуде. Олимпиадада жалпы саны 998 оқушы білімдерін таразылайды. Олимпиада барысын облыстық Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының мамандары, басқа ауданнан арнайы бекітілген тәжірибелі педагогтар, журналистер мен блогерлер, ата-аналар комитетінің өкілдері бақылайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы