АЛТЫ АУЫЛДЫҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

277 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп тапсырма берген болатын.

Осыған байланысты Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2022 жылы атқарған жұмыстары жөнінде және биылғы 2023 жылы атқаратын жұмыс жоспарлары туралы бекітілген кестеге сәйкес, Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімінің 2023 жылдың бірінші тоқсаны бойынша өткен кездесуде алдымен Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Тахир Абдаевтың 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Бұдан соң аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы бейнефильм ауыл тұрғындарының назарына ұсынылды.

Жаңа Иқан ауылдық округі тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды баяндап өтті. Коммуналдық салаға кеңінен тоқталған аудан әкімі сондай-ақ ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, жол, көгалдандыру, кәсіпкерлік және туризм, әлеуметтік, білім, денсаулық салалары бойынша биылғы жылы жүзеге асырылатын жұмыстарға да тоқталды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, электр жарығы, жол мәселесі, интернеттің нашарлығы, электр бағаналарының тозығы жеткендігі туралы мәселелер көтеріліп, ол бойынша барлық сұрақтарға аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев толыққанды жауап берді.

Кездесу соңында аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы жеке қабылдау өткізіп, ауыл тұрғындары Б.Якубов су, мақта, егістік мәселелерін алға тартса, Қ.Бейсенбаев ауыз су, интернет байланысының жоқ екенін айтты. Жеке қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелерін тыңдаған аудан әкімі оны шешу жолдары бойынша жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

ЕСКІ ИҚАНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ІСТЕР

 Аудан әкімі Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Алдымен Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Д.Сайдовтың 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Бұдан соң аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы бейнефильм ауыл тұрғындарының назарына ұсынылды.

Ескі Иқан ауылдық округі тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Соның ішінде коммуналдық салаға кеңінен тоқталған аудан әкімі ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, жол, көгалдандыру, кәсіпкерлік және туризм, әлеуметтік, білім, денсаулық салалары бойынша биылғы жылы жүзеге асырылатын жұмыстарды баяндады.

Кездесу аясында ауыл тұрғындары Д.Маннатов, Р.Абдусаттаров, М.Юлдашевтар ағын су тапшылығы, газ, су, ауылдық округте туризм саласын дамыту, жер, мақта мәселесі, Д.Қонаев көшесін абаттандыру бағытында көптеген мәселелер көтерді.

Сонымен қатар, жеке қабылдауға келген Д.Шерметов жер, ортақ жайылым мәселелерін көтерсе, М.Юлдашев табиғи газ, Диханабад учаскесін елді мекен ету жөнінде өтініштерін жеткізді. Тұрғындардың өтінішін тыңдаған аудан әкімі мәселелердің шешу жолдары туралы түсіндірді.

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың кездесуіне арнайы келген Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасырды алқымдаған Закир Мұсаев атамыз аудан әкімінің атқарған жұмыстарын оң бағалап, алдағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

ШАҒАЛЫҚТАР ШАҒЫМЫ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Шаға ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуді аудандық мәслихат хатшысы Мейрамбек Күнпейісов ашып, жүргізіп отырды. Алдымен Шаға ауылдық округінің әкімі Ә.Нарынбетовтің 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Кездесудің күн тәртібіне сәйкес, ауданның 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. Шаға ауылдық округ тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды баяндап өтті. Аудан әкімі ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, жол, көгалдандыру, кәсіпкерлік және туризм, әлеуметтік, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салалары бойынша 2023 жылы жүзеге асырылатын жұмыстарға назар аударды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан Молда Мұса мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылдық округте «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу, мектеп, балабақша салу, электр энергияны жаңарту мақсатында трансформатор қою, суармалы жер, ағын су, жайылымды жерлерді қайтару, жол, ауыз су, спорт мектебін салу, ауылдың орталық көшелерін жарықтандыру, ауылға қоғамдық көлік жүргізу, табиғи газ тағы да басқа көптеген мәселелер көтерілді. Ауыл тұрғындары тарапынан көтерген барлық мәселелерін мұқият тыңдаған аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы оның шешу жолдары бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Кездесу соңында жеке қабылдау өткізіліп, ауыл тұрғыны О.Әмірбеков үйіргелік жерлерді заңдастырып беруге өтіншін айтты. Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев айтылған мәселенің шешу жолдарына тоқталып, заң шеберінде жүзеге асатынын жеткізді.

ҮШҚАЙЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ ЖАЙЛАРЫ ӨЗ РЕТІМЕН ШЕШІЛЕДІ

Үшқайық ауылдық округіне барған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың кездесуінде алдымен Үшқайық ауылдық округінің әкімі М.Шалаевтың 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Кездесудің күн тәртібіне сәйкес, ауданның 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. Үшқайық ауылдық округ тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды баяндап өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан С.Қожанов елді мекеніне спорт алаңшаларын салу, мектеп, балабақша салу, ауыл тұрғындарына жер телімдерін беру, ауыз су, жастарды жұмыспен қамту, ағын су, ауылдық округтен өтетін Қарашық өзенін ауылдық округтің еншісіне қайтару, табиғи газ, тағы да басқа көптеген мәселелер көтерілді. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бойынша тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

ИАССЫДАҒЫ ИГІ ІСТЕР

 Аудан әкімінің Иассы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуін аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, жүргізіп отырды. Осыған орай, Иассы ауылдық округіне барған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың кездесуінде алдымен Иассы ауылдық округінің әкімі С.Турметовтің 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Бұдан соң, кездесудің күн тәртібіне сәйкес, ауданның 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. Иассы ауылдық округ тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды баяндап өтті. Бұдан соң, кездесу сұрақ-жауапқа ұласып, тұрғындар тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, ауыз су, жер учаскелерін заңдастыру, мектеп жанынан жаяу жүргіншілер жолын салу, «Кентау мен Түркістан» жолы бойынан Иассы ауылдық округі жанынан бейнекамера орнату, ағын су, шлюз орнату, жер телімдері берілсе, спорт алаңдары салынса деген ұсыныс пікірлерін білдірді. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бойынша тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев жеке қабылдау өткізіп, ауыл тұрғыны А.Наршабаев Шобанақ жалпы орта мектебінің трансформаторынан келетін электр қуатын «Жауқазын» бөбекжай балабақшасына тарту мәселесін айтты. Аудан әкімі бұл бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне нақты тапсырма беріп, аталған мәселені бақылауға алып, шешілетінін жеткізді.

ОРАНҒАЙДЫҢ ОРАЛЫМДЫ ТҰСТАРЫ

Оранғай ауылдық округ тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды баяндап өтті. Аудан әкімі құрылыс, ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, жол, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар, көгалдандыру, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және туризм, әлеуметтік, жер қатынастары, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салалары бойынша 2023 жылы жүзеге асыралатын жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, ауылдық округ тұрғындарының негізгі тіршілік көзі диқаншылық екенін, осыған орай Қосқорған су қоймасынан келетін судың аздығын айтып, ауылдық округке 5-6 құдық арқылы су шығарып беруін, «Кентау-Түркістан» тас жолы бойынан ауылдық округ маңынан бейнекамера орнату, М.Қазыбеков мектебіне құрылыс жұмыстарын жүргізу, балаларды тасымалдау үшін көлік қарастыру, жол бойынан арнайы белгілер орнату, ауылдық округке учаскелік инспектордың жетіспеушілігін, электр қуатының нашарлығын, орталық көшелерді жарықтандыру тағы да басқа көптеген мәселелер айтылды. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев тиісті бөлім басшыларына нақ-ты тапсырма беріп, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бойынша тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Кездесуден соң аудан әкімі жеке қабылдау өткізді. Оған ауыл тұрғындары Ю.Қасимов Қосқорған ауылына асфальт төсеу, ағын су бойынша сважина ұңғымаларын қазу мәселесін сұраса, Н.Еселхан М.Қазыбеков мектебіне домбыра үйірмесін ашу, күрес секциясын ашу, ауылда жабық стадион салу қажеттігін айтты. Жеке қабылдауға келген өтініштер бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін, бұл бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, алдағы уақытта шешілетінін жеткізді.

 «Сауран-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы