ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА БАҚ СЫНАСТЫ

222 көрілім

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің тікелей қолдауымен, «Өнер» мектебінің ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі – терме» тақырыбында жас термешілер байқауы өтті. Бабадан балаға мұра болған төл өнерді оқушылардың бойына сіңіру мақсатында өткізілген «Түркістаным –Тұраным» атты жас ақындардың жыр мүшайрасы да тағылымды шараны тартымды ете түсті.

Жүрегі ән-жыр деп соғатын шығармашыл оқушыларға қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова сәттілік тіледі.

«Қазақтың маңдайына біткен адуынды сөз зергерлерінің жауһар жырлары мен орындалған термелер көрерменге керемет тарту болғаны сөзсіз. Бабада қалған асыл мұрамызды кеңінен насихаттау, жастардың бойына сіңіру баға жетпес байлық. Барлық қатысушы да мақтауға лайықты болғанымен «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, шын үздіктер оза шапсын», деді Оразкүл Шайхықызы.

Өнерлі өрендердің сайысына айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, Түркістан қаласының бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы және де облыстық мәдениет басқармасы «Халық шығармашылығы орталығының» қызметкері Мұрат Жұманов қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен «Текті сөздің төресі – терме» байқауында бас жүлдені «Өнер» мектебінің оқушысы Жасия Байсейіт иеленді. Ал, «Түркістаным – Тұраным» жыр мүшайрасының бас жүлдесіне Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебінің оқушысы Інжу Медеубек қол жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

___

ТУРКЕСТАНСКИЕ ШКОЛЬНИКИ ИСПОЛНИЛИ ТЕРМЕ И УКРАСИЛИ КОНКУРС МУШАЙРА

При непосредственной поддержке отдела развития человеческого потенциала города Туркестана, школой «Өнер» был организован конкурс юных исполнителей терме на тему «Текті сөздің төресі – терме». Произведение молодых поэтов «Туркестаным – Тураным» произвело большое впечатление на зрителей.

Успехов в творческом состязании пожелала руководитель городского отдела развития человеческого потенциала Оразкуль Колдасова.

– Бесспорно, исполненные терме стали для зрителя большим культурным и эстетическим подарком. Мы должны популяризировать наше национальное наследие и прививать молодежи любовь к нему, – сказала Оразкуль Шайхықызы.

В качестве жюри на конкурсе выступили акын-айтыс Бекарыс Шойбеков, главный имам города Туркестана Мухамеджан Ергешбайулы, сотрудник Центра народного творчества областного управления культуры Мурат Жуманов.

Решением жюри в конкурсе «Текті сөздің төресі – терме» Гран-При получила ученица школы «Өнер» Жасия Байсеит. А Гран-при в «Туркестаным – Тураным» достался ученице средней школы №14 имени Казыбек би Инжу Медеубек.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы