САЙРАМ: БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ АШЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

191 көрілім

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды.

Негізгі мақсат- Сайрам ауданындағы білім саласының қазіргі таңдағы хал ахуалымен және алға қойған мақсат-міндеттерімен танысып, білім сапасын арттырудағы бірқатар кезеңдерді таныстыру.

Жаңа форматтағы кездесу Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың бастамасымен жүзеге асырылды.

Жиынға Сайрам ауданындағы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Алдымен, Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Гүлнәр Тынымбаева баяндамасын оқып, аудандағы білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар легімен таныстырды. Ауданның білім деңгейі бойынша бірқатар мәселелер көтерді. Білім бөлімінің басшысы Гүлнәр Тұңғышбекқызы мектептердің жылыту маусымына ерекше тоқталды. Оның ішінде табиғи газбен 51 мекеме, қатты отынмен 36 (көмір) мекеме, сұйық отынмен 3 мекеме (дизель) жылумен қамтылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлембеттің ауданның білім сапасы мен мазмұнға байланысты әзірлеген баяндамасы тыңдалды. Ол өз сөзінде, өткен жылмен салыстырғанда өңірімізде оқушылар саны 3 мыңға артқанын айтты. Яғни, 2021-2022 оқу жылында 511 мың оқушы білім алса, 2022-2023 жылдары бұл көрсеткіш 514 мыңға жеткен. Білім саласындағы оқушылардың білім деңгейін үздік,екпінді, үшке оқитин және үлгермеуші оқушы деп топқа жіктеп, көрсеткіштермен бөлісті. Білім сапасын бұдан да жақсартуға бағытталған өз ұсыныстарын білдірді. Әсіресе, варитивтік пәндерді жүйеге енгізу арқылы, қосымша сапаны арттыра аламыз дейді Бақытжан Нұрмахамбетұлы.

Және де, басқарманың Кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбекова бала құқығы туралы сөз қозғады. Тәрбие мен балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керектігін алға тартқан Айгүл Ерғалиқызы, бала құқығын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Ол “Бестерек”жобасы бойынша жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықты анықтау жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырғанын айтты. Балалар арасындағы өзекті мәселелердің бірі- тәуекел тобындағы жасөспірімдермен психологтар жеке жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, аталмыш жоба арқылы алдағы уақытта да мектеп басшылары, орынбасарларымен, әлеуметтік педагогтар мен психологтардың біліктілігін арттыру жұмыстары жалғаспақ.

Білім беру жүйесінің қазіргі хал-жағдайы, даму перспективаларын ұсыну бойынша

баяндамашыларды тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы жиынды қорытындылады. Бейсенбай Тәжібаев жасөспірімдерді артспортқа бейімдеу керектігін баса айтты. Сабақтан тыс уақытта мемлекет тарапынан қолға алынған спорт, өнер, білім бағытындағы үйірмелерді жандандырып, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды. Жұмыссыз жүрген жастардың санын азайтып, оларды барынша кәсіптік бағдар беретін орта білімнен кейінге мекемелерде мемлекеттік грант ұсынып, жоғары білім мен жұмыспен де қамтамасыз етуге ықпал ету керектігін назарға алуды тапсырды. Және де, жиында айтылған барлық ұсыныс-тілектер мен бірқатар мәселердің басты назарда екенін айтып, әкімдік тарапынан тың жобаларды қолдайтынын жеткізді. Бұл бастаманың алдағы уақытта да басқа аудан/қаладағы білім мекемелерінде жалғасатынын алға тартты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы