ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР

515 көрілім

Қаңтар айының 12-жұлдызында Саттар Ерубаев музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Нәзір Төреқұлов музейінде «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты көшпелі көрме өтті.

Көрмеге Саттар Ерубаевтың еңбектері, фотосуреттері, жеке пайдаланған заттары және музей қорындағы этнографиялық экспонаттар қойылды. Көрмені музей қызметкерлерімен қатар, қаладағы «Дарын» колледжінің студенттері де тамашалады. Сонымен бірге Саттар Ерубаевтың өмірі жайында, «Жетісу» телеарнасы түсірген бейнефильм көрсетіліп, музей экскурсоводы Есбол Қалымбетов лекция оқыды.

Ал 18 қаңтарда С.Ерубаев музейінде ақын, жазушы Саттар Ерубаевқа арналған, «Жастардың сүйікті жазушысы» атты еске алу кеші болып өтті. Кешке А.Байтұрсынов және Саттар Ерубаев атындағы мектеп-интернатының оқушылары мен ұстаздары, Орталық кітапхана, Нәзір Төреқұлов музейінің қызметкерлері қатысты. Іс-шарада оқушылар ән айтып, күй тартып, би биледі. Соңынан қонақтар музей экспозициясын аралап, тамаша көңіл-күймен тарқасты.

Ердос ҚОНЫС,

Саттар Ерубаев музейінің қызметкері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы