Премьер-министр Әлихан Смайылов Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Нежадпен кездесті.
“Әсіресе, өзара саудадағы үлесі 80% дерлік ауыл шаруашылығы өнімдері айналымының артуы перспективалы болып табылады. Біздің елдерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар”, – деді Смайылов.
Өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 500 миллион долларды құрады.
