КЕЛЕС: КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӨҢІРДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

356 көрілім

Келес ауданына, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің өкілдері келіп, жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында делегация тобы 2018 жылдың ақпан айында іске қосылған «Келес Пласт» ЖШС цехының жұмысымен танысты.

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің өкілдеріне «Келес Пласт» ЖШС директоры Нұржан Омаров өндіріс процесімен таныстырып, өнімдер сұрыпталымын соңғы шыққан өңдеу технологияларының көмегімен пайдаланылған материалдардан жасалған жіптермен полиэтиленді жабындарды көрсетті. Нұржан Умаровтың айтуынша, шикізат шаруашылық субъектілерінен сатып алынады, ал дайын өнімдер ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады және ішкі нарық қажеттіліктерінің 100% қамтиды. Бұдан өзге, қалдықтар мен полиэтиленді қайта өңдеу ауданның экологиясына оң әсер етеді.

Сонымен қатар, кәсіпкер алдағы жоспарларымен бөлісіп, кәсіпорын қызметін одан әрі дамыту бағытында мемлекет тарапынан қолдаулар жайында сұранысын жеткізді. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. Негізгі қызмет түрлері жылыжай шаруашылықтары үшін полиэтиленді жабындарды өңдеу мен өндіріу, жылыжайларға арналған металл қысқыштар мен көшет материалына арналған пластикалық стақан шығару, полиэтиленді тоқыма кендіржібін өндіру болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы