САРЫАҒАШ: АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

450 көрілім

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев елді мекендердегі өзекті мәселелермен танысу үшін Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерінде болды. Ең алдымен аудан басшысы Жібек жолы ауылдық округіне қарасты 7 елді мекенді аралап, тұрғындар тарапынан айтылған өзекті мәселелерді тыңдады.

Жібек жолы – аудандағы халқы ең көп және көп ұлтты ауылдық округтердің бірі саналады. 19732 гектар жерде 22 мыңнан аса тұрғын тату-тәтті ғұмыр кешуде. Негізінен егіншілікпен айналысатын өңірде 3716 гектар суармалы егістік жер бар. Сондай-ақ, мұнда мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, 4165 ірі қара, 17962 уақ мал, 1276 жылқы, 5166 құс тіркеуде тұр.

Жібек жолы тұрғындары тарапынан негізінен елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету, асфальт төсеу, жайылым жер, интернет желісі, канал тазалау, ФАП салу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, аяқ жол салу, ағын су, қоқыс жинау, мәдениет үйі, табиғи газ, жарықтандыру, трансформаторларды қоршау мәселелері көтерілді.

Мұнан соң аудан басшысы Қабланбек ауылдық округіне қарасты Тың, Қабланбек, Сіргелі елді мекендеріне барды. Ауыл тұрғындары жарықтандыру, аяқ жол салу, трансформаторларды ауыстыру, мектепті күрделі жөндеуен өткізу,тұрғын үй салуға жер учаскесін беру мәселелерін көтерді.

Тұрғындармен кездесіп, ауыл ақсақалдарының ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудан басшысы өз сөзінде: – Мақсатым-ауылдың тыныс-тіршілігімен етене танысу. Өздеріңізбен ашық сұхбаттасып, пікірлеріңізді білу. Біздің тарапымызға келсек, тұрғындарға тиісінше қолдағы бар көмекті көрсетеміз,-деді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы