ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК 400-ДЕН АСА ПЕДАГОГТЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

299 көрілім

Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі Білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Білім мен инновация процесіне жаңа көзқарас» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.

– Іс шараның негізгі мақсаты – аудан аумағындағы білім ошақтарында қызмет атқаратын мұғалімдердің сұрақ, ұсыныс, пікірлерімен бөлісу болып табылады. Бөлімдегі әдіскерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптары беріліп, пікірлері тыңдалды. Ашық есік күінен келген ұстаздарымыз арасында жас мұғалімдердің қатары басым болды, – дейді Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев.

Мектеп директорының оқу ісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педог-психологтар, әлеуеметтік педагогтар, кәсіби бағдар беруші мамандары мен педагогтер ашық есік күніне қатысып, әдістемелік көмек алды. №13 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің базасында өткен ашық есік күніне 400-ден аса педагог қатысты. Білім саласының өкілдері өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы