БӘЙДІБЕК: АҒЫБЕТ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

335 көрілім

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Ағыбет ауылынан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмысын бақылады. Аталған спорт кешенін аралап, нысанның құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысымен кездесті. Құрылыстың сапасына мән беруді ескертіп, наурыз айына дейін толық бітіруді, жауапты бөлімдерге бақылауға алуды тапсырды.

Спорт кешенінің аумағы – 0,60 га. Жобаға сәйкес нысанда бір ауысымда 20 оқушы жаттығады. Жаттықтырушы залы, киім ауыстыру мен жуынатын және медпункт, құрал-жабдықтар сақтайтын бөлмелері қарастырылған. Тұрақты жұмысқа 4 адам қамтылатын болады.

Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебінің спорт залы мен бір бөлмесін пайдаланып жатқан ағыбеттік 100-ден аса жасөспірім осы жылы жаңадан іске қосылатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттың бірнеше түрінен шынығып, шыңдалатын болады.

Ағыбет ауылының тұрғындары құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан спорт кешені салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы