- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округінде орналасқан «Зувайда ана» балабақшасының құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер Бахтияр Қозыбаевпен кездесті.
Кездесу барысында 2019 жылы қолданысқа берілген балабақша қызметкерлеріне қалтасынан жалақы төлеп, қамтамасыз етіп келген. Кәсіпкер талапқа сай балабақшаға мемлекеттен қолдау көрсетуді сұрады.

Бұған дейін де 2017 жылы өз қаржысы есебінен 150 орындық бөбекжай балабақшасын ашқан кәсіпкер Бахтияр Қозыбаев 2019 жылы тағы бір балабақша ашқан. 30-ға тарта ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, этнос өкілдерінен 150 бүлдіршінді мектепалды дайындық тобында қазақ тілінде тәрбие беріп келе жатқан бақшада 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Бала басына 4 мың теңгеден төлемақы төленеді. Балабақша құрылтайшысының шешімімен 14 отбасының балаларынан төлемақы алынбайды екен.
Мемлекеттен қолдау болған жағдайда бүлдіршіндерге спорт залын ашып, күрес мектебін жүргізу, елдімекеннен балалар ойын алаңшасы мен аллея салу жоспарларының бар екенін алға тартқан кәсіпкер жоғары оқу орнында оқып жатқан аталмыш балабақшаның 5 қызметкерінің оқу ақысының 50 пайызын да төлеп отыр екен.
Кәсіпкердің атқарып отырған жұмыстарына оң бағасын берген аудан басшысы тиісті сала басшыларына заң аясында жұмыс жүргізіп, мемлекеттік қолдау бағдарламасына енгізу туралы тапсырмалар берді.