ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН 4%-ДЫҚ АВТОНЕСИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ

167 көрілім

Қаңтар айының соңында жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

«Өткен жылы наурызда автонесие сомасы 10 миллион теңгеге дейін деп белгіленді. Ал автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа қолжетімді болу үшін бағдарламада қымбат көліктер қарастырылмаған. Автонесие бағдарламасын айдың соңында бастаймыз. Осы аптада өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз мәслихатын өткізеді, сонда толық ақпарат беріледі. Бұл жерде бағдарламаның механизмін қайта қарау мәселесі тұр. Бұған дейін клиенттер алдымен автосалонға жүгініп, содан соң банкке баратын. Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа тетікті ұсынып отыр», – деді Марат Қарабаев Үкіметтің кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Ведомство басшысының айтуынша, қайта іске қосылатын бағдарламадағы жаңашылдықтың бірі электронды кезек болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы