Түркістан қалалық «”Nur Otan» партиясы қалалық филиалында қалалық мәслихаттың депутаты, «Түркістан облыстық Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Дәурен Тәңірбергенов қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Ануар Исабеков жүргізіп отырды.
Қоғамдық қабылдауға келген төрт азаматтың өтініштерін тыңдаған халық қалаулысы олардың мәселелерін жан-жақты қарап, сол жерде екі азаматқа тұрақты жұмыс ұсынылса, қалған екі азаматқа қаржылай көмек көрсетілді.

Қоғамдық қабылдауға келген төрт азаматтың көтерген әлеуметтік мәселелері дер кезінде шешімін тауып, қала тұрғындары тарапынан қалалық мәслихаттың депутаты Д.Тәңірбергеновке және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалына өз алғыстарын жеткізді.
«Түркістан-ақпарат».
