Р.Аюпов: «ТУРИСТЕРДІ ҚАУІПСІЗ ӘРІ ЖАСЫЛ ҚАЛА РЕТІНДЕ ҚЫЗЫҚТЫРА АЛАМЫЗ»

1  428 көрілім

Қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісте туризм саласы мен үй жағдайында мал ұстау мәселелері талқыланды. Бұл жөнінде шаһар басшысы қауіпсіздік пен абаттану бірінші орында, осы екі үйлесімділік арқылы ғана туризм мен кәсіпкерлік сала дамитындығына тоқталды.

«Кәсіпкерлік және туризм» бөлімінің басшысы Гүлжамал Даханова облыс орталығындағы ішкі және сыртқы туризмнің даму көрсеткіштерін, жыл соңына дейін қонақ үйлердегі администраторлар мен гид-экскурсоводтарға семинар-тренинг өткізу арқылы кәсіби біліктілігін арттыру жоспарланып отырғандығын атап өтті. Баяндамашының мәлімдеуінше, 9 айдың қорытындысы бойынша Түркістанға 1 114 304 турист келген. Оның ішінде кіру туризмі – 34 193, ішкі туризм – 1 080 111 адамды құраған. Осы уақыт аралығында туризм саласынан 4155,5 млн теңге табыстар түскен. Бүгінгі күні «Айтолсын» және «Қазақстан» қонақ үйлері кеңейту амалдарын, «Түркістан нұры» мейрамханасы жанынан жатын орындар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылуда.


Келесіде қала әкімі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі басшысының м.а. Мейірхан Казихановқа жұмыссыздар санатындағы 3500-ден астам азаматтарды жұмыспен қамту бойынша нақты шаралар қабылдануы керектігін баса айтты.


«Ветеринария және ауыл шаруашылығы» бөлімінің басшысы Полатбек Мұсаев қалада жайылым жерлердің жоқтығынан мал ұстауға мүмкіншілік жоқ дейді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қағидаттарында көрсетілгендей малды күтіп-бағуға рұқсат. Тек күнделікті тазалық жұмыстары, апта сайын дезинфекция жасалуы шарт. Өзектілігі жоғары бұл мәселе тұрғысында Рашид Абатұлы сала мамандарына заңдылық негізде алдағы уақытта тиісті шешімін қарастыруды тапсырды.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
“Түркістан”.
Суреттерді түсірген:
Антон ЛЕЩЕНКО.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы