ЕЛ МЕРЕЙІН АСЫРҒАН ЖЕРЛЕСТЕР

1  686 көрілім

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында қазанның 11-13 күндері аралығында самбо күресінен жасөспірімдер және жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Осы байрақты бәсәкеде Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» спортшы майталмандары толағай табысқа жетті.

Атап айтсақ, жасөспірімдер арасында Бексұлтан Дүйсенов 75 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынға ие болса, Перизат Жанұзақ 65 келіде өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орыннан көрінді. Ал, жастар арасында Бибарыс Әбдіғани +100 келі салмақта белдесіп, ІІІ орынға табан тіреді. Бұл спортшыларды жарысқа дайындаған аталған мектептің самбо күресінен аға жаттықтырушысы Самат Рысбеков бастап барды. Ел мерейін асырған жерлестеріміздің жеңісті жолдарымен құттықтап, оларға толағай табыстар тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы