ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

1  766 көрілім

Түркістанда жылу маусымы қазан айының 15-іне басталатыны белгілі. Осыған орай қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен қысқы маусымға дайындық барысында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау бағытында қала қонақтары мен тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Апта бұрын басталған шара барысында рухани шаһардағы 897 үй мен 2500 жуық халыққа жадынама парақшалары тарқатылып, түсіндірілген болатын.


«Біздің мақсатымыз улы газдан улану мен өрттің алдын алу. Сондықтан әрбір үйдің есігін қағып үй иелеріне түсіндірме қағаздарын ұсынып, өрт қауіпсіздігін сақтауды қатаң ескертіп жатырмыз. Қазіргі таңда түтін мен көгілдір отынға уланудың басым көпшілігі мұржаның талапқа сай болмауынан болып отыр. Тұрғындардан сұранатынымыз мамандардың жүргізген насихаттық жұмыстарын тыңдап ден қойса, ақпар – кемшіліктерге жол бермеуге сеп болар еді», – дейді қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Дәулет Тәңірбергенов.


9-секторға жұмылдырылған №1мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 20 қызметкері көшелерге бөлініп, арнайы жадынама таратып қана қоймай, жылыту құрылғыларының жағдайын тексеріп, керек болған жағдайда жөндеуден өткізу, өңдеп және әктеп, пеш мұржасын ыстан тазарту, жанып жатқан отты қараусыз қалдыруға немесе оны есігін ашып қойып жағуға болмайтынын баса айтып өтті. Мамандардың сөзіне сүйенсек бұл түсіндірме жұмыстары әр аптаның сенбі, жексенбісінде жалғасын тауып, бір жарым ай көлемінде рухани шаһарды толық қамтымақ.


Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы