ТҮРКІСТАН ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКПЕН ЖАЙНАЙ ТҮСПЕК

1  280 көрілім

Күрең күз облыс орталығының жасыл желекпен көркеюіне сеп болғалы тұр. Себебі, осы мезгілде рухани шаһар әсем қалаға айналуы үшін 148 мың түп көшет отырғызылады деп күтілуде. Бұл жұмыстар қазан айының 19-нан бастап, үш кезең бойынша жүзеге асады. Өздеріңізге мәлім 16 секторға бөлінген Түркістанда әр апта сайын өңірімізге қарасты аудандар мен қалалар, басқармалар мен бөлімдер жік-жігімен бөліп, сенбілік жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде жол жиектері шөп пен қоқыстан тазарып, арықтар мен ағаш егуге орындар қазылып дайындалды. Жоспарға сай алғашқы кезеңде 48 мың көшет егіледі. Оның құрамында қарағай, тұт, қара өрік, үйеңкі, катальпа сынды ағаштардың түрлері бар.
«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы