ШАРДАРА: АУДАНДА МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

611 көрілім

Шардара ауданы әкімінің өкімімен Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы қызметіне Айдаров Еркебұлан Тоқтарұлы тағайындалды. Жаңа бөлім басшысын аудан әкімінің орынбасары Сапаров Нұрмұхаммед таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Еркебұлан Тоқтарұлы 1985 жылы, 10-шы ақпан күні, Түркістан облысы, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 – 2006 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік Тараз университетін бітірген. 2014-2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірді. Мамандығы – дене шынықтыру және спорт, тарих – география.

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарында борышын өтеген. Спорттық жетістігі – армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионы, «Қазақстан Республикасының Спорт Шебері».

Еңбек жолын 2008 жылы Тараз металлургиялық заводында контроллер қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары Парасат колледжінде мұғалім. 2011 – 2014 жылдары А.Гайдар атындағы №35 орта мектебінде мұғалім. 2015-2016 жылдары Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінде кадр нұсқаушысы. 2016-2018 жылдары Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде нұсқаушы болып жұмыс атқарған. 2018-2019 жылдары Түркістан облысы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болып жұмыс істеді. 2019-2021 жылдары Шардара аудандық әкімдігінің Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман. 2021 жылдан бері Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман қызметін абыроймен атқарды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы