ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

418 көрілім

Бүгінгі күні фубол әлемдегі ең дамыған, кең тараған спорт түріне жатады. Футбол жылдамдықты, тапқырлықты, шешім қабылдай білу мен төзімділікті дамытады. Футбол әлеміне қызығатын жанашыр спортшылар саны күн санап артып келеді.

Миллиондаған адамдар бос уақыттарында футбол ойнаса, миллиардтаған адам әлемдік чемпионатты қалт жібермей тамашалайды. Кәсіби ойыншылар, футбол жұлдыздары қаншама адамның табынушысына айналған. Футболды сүйетін, еліктіріп әкететін осы әдемі ойынды жақсы көретіндер біздің қалада да жетерлік. Қала стадиондары мен спорт мектептері ешқашан бос болмайды. Алаңнан жанұшыра доп қуалап жүрген жас жеткіншектерді де, ересек адамдарды да, олардың ойынын тамашалап отырған жанкүйерлерді де көруге болады.

Кентау қаласында футбол спорт түрінің дамуына бар күш жігерін салып демеушілік жасап жұрген спорт жанашыры Дәрібаев Нұрсұлтан Әуесқой футбол лигасын құрды, ол үзбей жаттығу жүргізіп, түрлі жарыстарға қатыса отырып, өз ойын техникалары мен шеберліктерін шыңдай түсуге ықпал етеді.

Әуесқой футбол лигасы облыстық әуесқой футбол федерациясына мүше болып қабылданды, бұл қоғамның дәрежесін арттыра түсіп, ойындарға қатысу мүмкіндігі кеңейіп, өз қатарларына футбол әуесқойларын шоғырландыра түсуге жол ашты.

Айта кетейік, 21.01.2023 ж Кентау қаласының Б.Саттарханов атындағы БЖСМ-де 18 жастан асқан әуесқой командалар арасында футзалдан Кентау қаласы әуесқой футбол лигасының Қазақстан біріншілігіне іріктеу турнирінің ашылу салтанаты болып өтті. Жарыста Кентау қаласынан және іргелес ауылдардан жалпы 12 команда бақ сынап, наурыз айына дейін жолданамы сарапқа салатын болады.

Аталған жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімнің басшысы Қанат Талғатұлы қаламызда футбол спорт түрін дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға және футболшыларға өз алғысын білдіріп өтті. Алда республикалық, облыстық жарыстарға біздің футболшылар да белсене қатысатындығын атап өтіп, оларға табыс пен табандылық тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы