Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын түсіндіру бойынша аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлері жиын өткізіп, онда айтылған негізгі бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында, сыбайлас жемқорлық – кез келген елдің өркендеп-дамуына кері әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі екендігі туралы айтылды. Ол мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығырып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болатындығы туралы жан-жақты айтылып, заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізу басты назарда болатындығы баяндалды.
