ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: КІТАПХАНАДА КЕЗ КЕЛГЕН КІТАПТЫ QR КОД АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

539 көрілім

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Төлеби ауданының орталық кітапханасында мобильді смарт кітапхана жүйесі іске қосылған. Руханияттың қазығына айналған кітапханаларда цифрландыру арқылы кітапты оқу әдісі жеңілдетілді. Электронды кітапты оқу үшін ұялы телефоныңызға Play Маркеттен «QR» қосымшасын жүктеп аласыз.

Смартфон көмегімен QR-кодты сканерлеп алып, қосымша ақпаратты қолдану үшін: кітаптың авторының сайтына немесе кітапқа қатысы бар, және берілген кітап қамтитын сайтқа ауыса аласыз.

QR-код қолдану әдісі де жылдам. Ол үшін: камерасы бар ұялы телефонды аласыз, кодты сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосып, камераны кодқа әкелесіз де, ақпаратты аласыз!

Төлеби ауданы кітапханасындағы кез келген кітапты QR код арқылы алуға болатындығын алғаш рет былтырғы жылы «Түркістан – Түркі әлемінің жүрегі» атты Төлеби ауданының Түркістан қаласындағы үш күндік мәдени күндерінде көрсеткен болатын. Қазіргі таңда, Республика бойынша Төлеби ауданының кітапханасы – үлгі және автор ретінде QR код арқылы оқу үлгісін жариялап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы