ШАРДАРА: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

442 көрілім

Бүгін аудан әкімдігінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау мәселесі бойынша мәжіліс өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудан прокурорының орынбасары Сабит Нұрахым, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Е.Зияханов ауданың имамы Марат Асанов, психолог мамандар, мұғалімдер, адами әлеутті дамыту бөлімінің өкілдері, тәрбие ісіне жауапты мектеп мұғалімдері, ата-аналар комитеті және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ісі және олардың құқығын қорғау бойынша құрылған комиссия құрамы қатысты.

Басты мәселе жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау себеп-салдары мен оған қарсы күресу жұмыстары бойынша аудан прокуротурасы, полиция бөлімі және адами әлеуетті дамыту бөлімінің өкілдері баяндама жасады.

Сондай-ақ, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының психолог маманы М.Баймұханбетов баламен жұмыс істеу және өз-өзіне қол жұмысауға себеп болатын жағдайлар мен оның алдын алу әдістерімен таныстырды.

— “Ақпараттық идеологияның тасқындаған заманында, оның ішінде балаларымыздың санасын улайтын ғаламторда түрлі саяси ақпараттар мен бағдарламалар жүріп жатқаны белгілі. Мұндай кезде ата-ана,мұғалім және атқарушы билік өкілдері мен басқа да жасөспірімдермен жұмыс істейтін мамандар белсенді жұмыс істеуі керек. Білім ордаларындағы психолог мамандардың жұмысын күшейтіп, дұрыс үйлестіру керек”, – деді аудами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анафия Қадырбекова.

Сонымен қатар, басқа да қатысушылар жарыссөзге шығып, өз ойлары мен ұсыныстарын орта салып, талқылады. Мәжіліст қортындысы бойынша, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс жоспарлары пысықталып, тапсырмалар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы