САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

883 көрілім

Түркістан облысы әкімдігінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді іріктеу жөніндегі біріңғай конкурстық комиссияның шешіміне және мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату қағидаты аясында аудан әкімінің өкіміне сәйкес аудан әкімінің орынбасары болып Козыбаев Алдияр Хайбилдаұлы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған орынбасарды аудан әкімі Арман Айдарұлы таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Алдияр Хайбилдаұлы 1980 жылдың 25 шілдесінде Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетін қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі мұғалімі, 2007 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ қазақ әдебиеті пәні аспиранты, 2007 жылы Тараз педагогикалық институтын физика және информатика пәндерінің мұғалімі, 2015 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университеті «Қазақстанның болашағы үшін» жастар ұйымының төрағасы болып бастаған. 2013 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.

2001-2013 жылдар аралығында Халықаралық Қазақ-Араб университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, Отырар университетінің әлеуметтік-гуманитарлық сырттай оқыту факультетінің декан орынбасары, деканның міндетін уақытша атқарушы, Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде «Қазақ тілі және шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінде бас маман, Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінде бас маман, Сарыағаш ауданы әкімінің көмекшісі, Дарбаза ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы