КӨМІР ТАПШЫЛЫҒЫ ЕЛДІҢ ЖҮЙКЕСІН ЖҰҚАРТЫП, ЖҰҚА ҚАЛТАСЫН ҚАҒУДА

474 көрілім

Жалпы облыс көлемінде көмір отынының қажеттілігі 907,6 мың тонна болса, тасымалданғаны 807,2 мың тоннаны құраған. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық салаға 250 мың тонна көмір қажет. Тұрғындардың қажеттілігі: жылыжайлар мен жеке тұрғын үйлерге 658,4 мың тонна. Тасымалданғаны 605 мың тонна немесе 92%. Ресми ақпараттарға қарағанда, Түркістан облысына жақын күндері 17 мың тоннаға жуық, яғни 242 вагон көмір жеткізіледі.

Бүгінде темір жол тұйықтарында жалпы 6591 тонна көмір қоры жинақталған. Оның ішінде Түркістан қаласында 3483 тонна, Арыс қаласында 1035 тонна, Сайрам ауданында 400 тонна, Сарыағаш ауданында 1173 тонна, Созақ ауданында 500 тонна көмір жиналып тұр.

«Қазақстан темір жолы» АҚ ақпаратына сәйкес, соңғы мәлімет бойынша Сарыағаш ауданының тұйықтарында 17 вагон көмір бар. Облысқа қосымша 242 вагон жолда келе жатыр. Оның ішінде Сарыағаш ауданына қосымша 70 вагон жеткізілмек. Жылыту маусымының барысы бақылауға алынған және штаттық режимде өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, көмір тапшылығы немесе бағасына байланысты кемшіліктерге шағымдар болған жағдайда 109 байланыс нөміріне хабарласуға болады. Айта кетейік, аудан, қала әкімдіктері көмірдің қолжетімділігі мен баға белгілеуін үнемі қадағалап отырады. Жылу беру маусымы облыс әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған.

Алайда, тұрақты рейдтік тексерулердің болмауына байланысты көмір базаларының маңында осындай келеңсіз жағдайлар орын алуда. Бұл өз кезегінде онсыз да қыстың қатал аязына қалып әбіржіген халықтың жұқа қалтасын қағуда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы